jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

    Давид Дегтярев
    Давид Дегтярев. Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл туралы ақпарат Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

    "Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді", – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Айта кетейік, 4 қыркүйекте Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен қазақстандық спортшы Давид Дегтярев топ жарды. Ол 54 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы ақтық кезеңде 188 кг салмақты еңсеріп, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды.

    Давид Дегтярев 2020 жылғы Токио Олимпиадасында осы санатта жеңімпаз атанған болатын.

    Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

    Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.