jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жүзгіш Паралимпиада финалында жетінші орын алды

    Қазақстандық пара спортшы Сиязбек Далиев
    Қазақстандық пара спортшы Сиязбек Далиев. Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Қазақстандық жүзгіш Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасының финалында бақ сынап, жүлде иелене алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сиязбек Далиев пара жүзуден S5 классында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түсті. Ол сегіз спортшының ішінде мәреге жетінші болып келді. Сиязбектің уақыт көрсеткіші – 36.35 секунд.

    Айта кетейік, Сиязбек Далиев іріктеу кезеңінде 36.42 секунд нәтижесімен мәреге сегізінші болып жетіп, финалға жолдама алған болатын.

    Далиев Токио Паралимпиадасында бесінші орын иеленсе, 2022 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

    Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Париж Паралимпиадасының 7 жүлдесі бар. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, оқ атудан Еркін Ғаббасов, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, дзюдодан Ерғали Шәмей күміс, ал жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков және дзюдодан Даяна Федосова қола жүлде жеңіп алды.

    Қазақстандық жүзгіш Паралимпиада финалында жетінші орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.