jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жаңа қызметке тағайындалды

    Ольга Рыпакова
    Ольга Рыпакова. Фото: olympic.kz

    Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі атқарушы комитетінің құрамына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Олимпиада чемпионының кандидатурасы бұл күндері Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиадалық қозғалыс құрлықтық органының бас ассамблеясы кезінде АОК Атқарушы комитетінің қарауына  ұсынылған болатын.

    Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын  бірауыздан қолдады. Айта кетелік, Рыпакова АОК Атқарушы комитетінде Орталық Азия  аймағындағы әйел өкіл ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ отырыс барысында АОК президенті сайланып, Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) ұйым басшысы ретінде қайта сайланды. 

    Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық жеңіл атлет. Алғаш рет 2008 жылы Бейжіңдегі додада күміс алса, 2012 жылы Лондонда алтын, ал 2016 жылы Риода қола медаль иеленді.

    Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.