jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Қазақстан құрамасын құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!", - деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

    Еске салайық, Мажарстан астанасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет күміс жүлде жеңіп алған еді.

    Қазақстан командасы соңғы турда АҚШ-пен 2:2 есебімен тең ойнап, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан құрамасы әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты.

    Әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түсті. Олимпиадада 1-2 орын алған ойыншыларға "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы беріледі.

    Тоқаев шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Қазақстан құрамасын құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.