jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Атақты қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбеков шаңырақ көтерді

    Жоламан Шаршенбеков пен келіншегі Айхан
    Жоламан Шаршенбеков пен келіншегі Айхан. Фото: turmush.kg

    Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбеков шаңырақ көтеріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24KG телеарнасының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қырғызстанның Талас қаласында орналасқан мейрамханалардың бірінде грек-рим күрес шебері Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының ұзату тойы өтті. Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, спортшы өзінің қалыңдығымен бір сыныпта оқыған. Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының есімі – Айхан.

    Айта кетейік, биыл Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Шаршенбеков қола медаль еншіледі.

    Сондай-ақ қырғызстандық балуан әлем чемпионатында екі мәрте күміс иеленсе (2018, 2021), екі мәрте топ жарған (2022, 2023). 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

    Атақты қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбеков шаңырақ көтерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.