jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Президент сыйлаған көлік: Олимпиада чемпионына жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған

    Өзбекстандық боксшы
    Өзбекстандық боксшы. Фото: instagram/asadxoja.moydinxojayev

    Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев жылдамдық асырғаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев әлеуметтік желідегі парақшасында Өзбекстан президенті сыйға тартқан Chevrolet Tahoe көлігімен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан видеосын жариялады.

    Бұл жайт желі қолданушылар арасында кеңінен талқыға түскен соң, боксшы видеоны өшіріп тастады. Дегенмен жылдамдықты шектен тыс асырған Асадхужаға Ташкент қалалық ІІББ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы айыппұл салған.

    "Әлеуметтік желіде Tahoe көлігінің жүргізушісінің жоғары жылдамдықпен (110 км/сағ) келе жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, Ташкент қаласы IIББ қызметкерлері 2001 жылы туған жүргізуші М.А.-ға қатысты Өзбекстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық іс-шара жүргізді", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов ел президенті Шавкат Мирзиеев сыйлаған автокөлікті соғып алған еді.

    Президент сыйлаған көлік: Олимпиада чемпионына жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.