jitsu gif
Спорт

    Назым Қызайбай Қарағандыға сұлулар сайысында әділқазы болады

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

    Бүгін, 27 қыркүйекте Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қарағанды облысының орталығында сұлулық байқауына қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қарағанды аруы" байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасының мәліметінше, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы Назым Қызайбай бұл шарада қалалық байқаудың қазылар алқасы құрамында болады.

    Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Назым Қызайбай Қарағандыға келіп, "Мықтылар турнирінің" қатысушыларына кеңес беріп жатыр. Ал бұл турнирге Назым Қызайбайдың қатыспайтыны туралы бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин айтқан еді.

    Еске салайық, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде иеленген еді. Қазақстандық боксшы 12 тамызда елге оралды.

    Назым Қызайбай Қарағандыға сұлулар сайысында әділқазы болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.