"Қарым-қатынас бөлек": Давид Дегтярев еліміздегі паралимпиадшыларға деген көзқарас туралы айтты
Опубликовано:
Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев Олимпиада және Паралимпиада спортшыларына деген көпшіліктің көзқарасы туралы пікірін ортаға салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Интернеттен оқығанда, әрине, адамдардың біз үшін ерекше жанкүйер болғанын байқайсың. Бірақ өмірде Олимпиада және Паралимпиада спортшыларына деген көзқараста айырмашылық сезіледі. Мысалы, боксшы алтын алса – бұл бір нәрсе, ал паралимпиадашы жеңсе – басқа нәрсе. Шынында, бәрін теңестіру керек, мемлекет қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді Давид Дегтярев YouTube желісіндегі "Sport+ Qazaqstan" арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақта чемпион атанған болатын.
Сондай-ақ Давид Дегтярев 2020 жылғы Токио Олимпиадасында осы санатта жеңімпаз атанған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2171440-qarym-qatynas-bolek-david-degtiarev-elimizdegi-paralimpiadshylarga-degen-kozqaras-turaly-aitty/