Спорт

Зектілері

Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошы шаңырақ көтерді (фото)

Жарияланған күні:

Нұрлыхан Шархан мен қалыңдығы
Нұрлыхан Шархан мен қалыңдығы. Скриншот: instagram.com/berlikashk

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрлыхан Шархан шаңырақ көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан үйлену тойын Қызылорда қаласында өткізді. Ол Райгүл есімді арумен шаңырақ көтерді. Дзюдошының тойына оның құрамадағы әріптестері мен жақындары құрметті қонақ болып барған. Спортшының тойының көңілді өткенін дзюдодан әйелдер құрамасының мүшесі Кәмила Берліқаш Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Қазақстанның кез келген жеріне барамыз. Ең бастысы дәмді тамақ, ұзақ антрак және сыйлық берсеңдер болды", - деп жазды Кәмила Берліқаш.

Айта кетейік, Нұрлыхан Шархан 100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында сынға түскен. Қазақстандық дзюдошы Олимпиаданың 1/8 финалында өзбекстандық Музаффарбек Туробоевқа есе жіберіп қойған болатын.

Кәмила Берліқаш, Нұрлыхан Шархан, Ғалия Тыныбаева
Кәмила Берліқаш, Нұрлыхан Шархан, Ғалия Тыныбаева. Скриншот: instagram.com/tgaliya

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2176655-parizh-olimpiadasyna-qatysqan-qazaqstandyq-dziudoshy-shangyraq-koterdi-foto/