jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда өңірлік спорт басқармалары басшыларын енді әкімдік тағайындамайтын болды

    Костюм киген ер адам
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Туризм және спорт министрлігі жанынан өңірлік спорт басқармалары басшыларын тағайындайтын арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармалары басшыларын тағайындау құзіреті жергілікті әкімдіктерден Туризм және спорт министрлігіне берілді. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысына министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді.

    "Президент Тоқаев өзінің ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай мемлекет басшысы спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Бұл комиссияның негізгі міндеті басқармалар арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктерді нақты әрі әділ түрде бөлу", - делінген министрліктің хабарламасында.

    Комиссияның жұмысы барысында өңірлік спорт басқармалары басшылығына ұсынылған кандидаттар нақты талаптар бойынша бағаланбақ. Олардың саладағы тәжірибесі мен дамыту жоспары болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені де ескеріледі.

    Кандидаттарды ұсынуды жергілікті атқарушы органдар және министрлік немесе азаматтардың өздері жүзеге асыра алады. Бүгінгі таңда Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарының спорт басқармаларына жаңа басшыларды тағайындау жөнінде комиссия отырысы өтті.

    Қазақстанда өңірлік спорт басқармалары басшыларын енді әкімдік тағайындамайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.