jitsu gif
Спорт

    Франциялық балуан көлік кептелісі кесірінен медальдан айырылып қалды

    Cтефан Клемент
    Cтефан Клемент. Фото: instagram.com/stefanclement01

    Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында франциялық балуан Стефан Клемент сәтсіздікке ұшырады. Ол көлік кептілісінің кесірінен белдесуге кешігіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Стефан Клемент грек-рим күресінен 63 кг салмақта ресейлік Садық Лалаевпен қола жүлде үшін күресуі керек еді. Алайда франциялық спортшы белдесуге кешігіп қалғандықтан, жеңіс Лалаевқа берілді.

    "Француз Тиранадағы логистикалық мәселелерге байланысты жекпе-жекке кешігіп қалды. Ол кептелісте қалып қойған", - деп Ресей спорттық күрес федерациясының баспасөз қызметінің басшысы Тигран Аванян Telegram-дағы арнасында жазды.

    Айта кетейік, 63 кг салмақта қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын күміс медаль иеленген еді. Ол финалда әзербайжандық Нихад Захид Мамадлиден 1:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

    Сондай-ақ әйелдер күресінен 72 кг дейінгі салмақта сынға түскен Жәмилә Бақбергенова финалда жапониялық Ами Исииге есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі.

    Бүгін, 31 қазанда қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов алтын медальге таласады. Ол ақтық сында жапониялық Ешиносуке Аоягимен белдеседі.

    Франциялық балуан көлік кептелісі кесірінен медальдан айырылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.