jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкин олимпиада комитеттерінің бас ассамблеясына қатысты

    ҰОК басшысы Геннадий Головкин
    ҰОК басшысы Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

    Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) бас ассамблеясына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бас ассемблея Португалияның Кашкайш қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі олимпиадалық қозғалыстың 288 ұйымы, оның ішінде 200 ҰОК, Халықаралық Олимпиадалық комитет делегаттары, халықаралық федерациялар мен Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комиттеттерінің өкілдері жиналған.

    Қазақстан атынан бас ассамблеяға Ұлттық Олимпиада комитеті президенті Геннадий Головкин мен ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев барды. 

    ҰОКҚ бас ассамблеясының мақсаты тікелей диалог арқылы сессияға қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін мүмкіндіктер ұсыну болып саналады. 

    Сессия аясында Геннадий Головкин Біріккен күрес әлемі (UWW) басшысы Ненад Лаловичпен, Халықаралық гимнастика федерациясы президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен, Халықаралық ауыр атлетика федерациясын (IWF) басқаратын Мохаммед Джалудпен, сонымен бірге Түркия, Франция Ұлттық Олимпиада комитеттері президенттерімен және өзге ҰОК өкілдерімен кездесті.

    Геннадий Головкин олимпиада комитеттерінің бас ассамблеясына қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.