jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Баходир Жалолов Париж Олимпиадасынан кейін кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

    Баходир Жалолов
    Баходир Жалолов. Фото: instagram.com/bakhodirdjalolov

    Екі дүркін Олимпиада чемпионы, аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов (14-0, 14 KO) Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olamsport.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Баходир Жалолов кәсіби бокстағы жекпе-жегін келесі жылы 6 ақпанда Канададағы Монреаль қаласында өткізеді. Баходир Жалолов франциялық боксшы Давид Спилмонмен (16-8-1, 11 KO) шеберлік байқасады.

    Давид Спилмон соңғы рет 2023 жылдың 16 қарашасында франциялық былғары қолғап шебері Артем Чернякевичті мерзімінен бұрын жеңген болатын.

    Баходир Жалолов кәсіби бокста 14 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтады. Соңғы кездесуін 2023 жылдың қараша айында өткізген ол Оңтүстік Африка боксшысы Крис Томпсонды бірінші раундта нокаутқа түсірген.

    Айта кетейік, өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақта сынға түсіп, чемпион атанды. Сондай-ақ ол 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада топ жарған болатын.

    Баходир Жалолов Париж Олимпиадасынан кейін кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.