jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұранын қосқан жапониялықтар кешірім сұрады

    Қазақстандық спортшы Виталий Щиголев
    Қазақстандық спортшы Виталий Щиголев. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Хатинохеде (Жапония) өткен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатының марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұранын қосқан Жапония коньки спорты федерациясы өкілдері кешірім сұрап, ресми хат жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жапониядағы турнирде қазақстандық спортшы Виталий Щиголев ерлер арасындағы масс-стартта алтын медаль жеңіп алған еді. Ол жеңіс тұғырына көтерілгенде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалған.

    Кейін Қазақстан конькишілер одағы өкілдері осы жағдайға байланысты ұйымдастыру комитетіне хат жолдағанын мәлімдеді. Бұл хатқа Жапонияның коньки спорты федерациясы жауап берді.

    "Жапония коньки спорты федерациясы Виталий Щиголевті марапаттау рәсімінде Қазақстан әнұраны дұрыс орындалмағаны үшін Қазақстан конькишілер одағы мен Қазақстан құрамасынан шын жүректен кешірім сұрайды. Белгілі болғандай, біз дерекқорымызда сақталған ескі жазбаны қолданыппыз. Мұқият болуымыз керек еді. Болашақта осындай қателіктер қайталанбас үшін біз Халықаралық конькишілер одағына (ISU) арнайы жүйе құруды ұсынғымыз келеді", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жегі алдында Қазақстанның ескі әнұраны қосылған еді. Кейін Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырушыларға ресми наразылық нотасын жолдады.

    Марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұранын қосқан жапониялықтар кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.