jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттік спортшылар волейболдан Қонаев қаласы әкімінің кубогін жеңіп алды

    Шымкенттік спортшылар Қонаев әкімінің кубогін иеленді
    Шымкенттік спортшылар Қонаев әкімінің кубогін иеленді. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    23-24 қараша күндері Қонаевта алғаш рет волейболдан қала әкімінің кубогі сынға түсті. Ересектер арасында өткен әуесқой жарысқа Қазақстанның түрлі өңірінен 12 команда қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдік мәліметіне сүйенсек, спортшыларды шараның ашылуымен қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков құттықтаған.

    "Қонаев қаласы облыс орталығы статусын алғалы тұңғыш рет әкім кубогі өтіп отыр. Алдағы уақытта да түрлі шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ қаламызда бірқатар спорт нысаны бой көтереді деп көзделіп отыр. Келген қадамдарыңызға нұр жаусын! Баршаларыңызға сәттілік тілеймін", - деді ол.

    Ашық турнирдің бірінші күні топтық кезең ойнатылып, жартылай финалға "Жаркент-Талды", "Жетісу облысы", "Шымкент", "Ширин" командасы шықты. Командалар ішінен Шымкент спортшылары кіл мықты екенін дәлелдеп, 1-орынды иеленді.

    Екінші орынды Ұйғыр ауданынан келген спортшылар алса, 3-орынға жетісулық команда жайғасты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

    Сонымен қатар спортшылар жекелеген "Үздік ойыншы", "Үздік үйлестіруші", "Үздік тосқауылшы", "Үздік шабуылдаушы" номинацияларымен марапатталды.

    Шымкенттік спортшылар волейболдан Қонаев қаласы әкімінің кубогін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.