jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жүзгіш халықаралық федерацияның "Жыл спортшысы" марапатына үміткер атанды

    Виктор Друзин
    Виктор Друзин. Фото: olympic.kz

    Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Виктор Друзин World Aquatics халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша “Жыл спортшысы” атағына үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жыл спортшысы" атағына үміткерлер тізімінде итальялық Джорджио Минисини, америкалық Кеннет Гауде, испаниялық Деннис Гонсалес, колумбиялық Густаво Санчес те бар.

    Үміткерлердің біріне дауыс беру үшін World Aquatics-тың Instagram-дағы парақшасында Stories бөліміне лүпіл қойып (1 лүпіл = 1 дауыс) қатысуға болады. Сонымен қатар, жеңімпазды таңдауда осы спорттық ұйымның кандидаттарды ұсыну комитетінің пікірлері де ескеріледі.

    Виктор Друзин маусымды табысты аяқтап, әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше медаль жеңіп алды. Оның ішінде Канадада қол жеткізген алтын медалі де бар.

    Еске салайық, жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) "Жыл жұбы" номинациясына үміткерлер тізіміне қосылған еді.

    Қазақстандық жүзгіш халықаралық федерацияның "Жыл спортшысы" марапатына үміткер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.