jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қуанышты жаңалығын бөлісті (фото)

    Нариман Құрбанов
    Нариман Құрбанов. Фото: LIONEL BONAVENTURE/AFP via Getty Images

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Instagram желісіндегі ресми парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Белгілі гимнастшы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы табысталды. Сүйінші жаңалықты спортшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

    Айта кетейік, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, екінші орын алған болатын. Осылайша ол спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

    Сондай-ақ Нариман Құрбанов сайтымыздың тілшісіне берген сұқбатында Олимпиадада жасаған ерекше элементі, еліміздегі спорттық гимнастиканың дамуы турасында кеңінен айтқан болатын.

    Нариман Құрбановтың "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағы
    Нариман Құрбановтың "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағы. Скриншот: instagram.com/n_kkz

    Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қуанышты жаңалығын бөлісті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.