jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттік полицей джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында үздік атанды (фото)

    Маханбет Нұржан
    Маханбет Нұржан. Фото: instagram.com/ police_shymkent

    27 қараша және 2 желтоқсан аралығында Польшаның Миколув қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Шымкент қаласы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция аға лейтенанты Маханбет Нұржан үздік атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, халықаралық жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсеткен. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болған.

    Қазақстан атынан Шымкент қаласы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция аға лейтенанты Маханбет Нұржан сынға түскен. Байрақты бәсекеде шымкенттік полицей үздік екенін дәлелдеп, жүлделі 1 орынға ие болды.

    "Бұл жеңіс – Маханбет Нұржанның спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, Қазақстандағы джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі",- делінген ПД хабарламасында.

    Шымкенттік полицей джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында үздік атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.