jitsu gif
Спорт

    Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев лауазымды қызметке ұсынылды

    Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев
    Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымына үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Астанада туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өткен. Отырыста Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына ұсынылған төрт үміткердің кандидатурасы қарастырылды.

    Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жігер Айекешовтің, "Қайсар" футбол клубының директоры Садық Мұстафаевтың және Астана қаласы әкімдігінің "Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған "Елорда" спорт клубы" КММ басшысы Азамат Тагаевтың кандидатурасы ұсынылды.

    "Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды. Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады", - делінген министрлік хабарламасында.

    Еске салайық, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

    Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев лауазымды қызметке ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.