
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасының Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне қатысатын ойыншылар құрамы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан әйелдер құрамасы Аустрияның Берг қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңі 12-15 желтоқсан аралығында Словакияның Пьештяни қаласында өтеді. Келесі кезеңге жолдама алу үшін Қазақстан командасы Словакия, Словения және Исландия құрамаларымен ойнайды. Құрамға 22 ойыншы енген, оның 20-сы негізгі, екі ойыншы қақпашы:
- Қақпашылар: Полина Говтва ("Торпедо", Өскемен), Арина Щеколова ("Томирис", Астана);
- Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай ("Томирис", Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева ("Торпедо", Өскемен), Анна Пяткова, Ажар Хамимульдинова ("Айсұлу", Алматы);
- Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова, Мадина Тұрсынова ("Айсұлу", Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай ("Томирис", Астана), София Зубкова, Дилназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы ("Торпедо", Өскемен).
Еске салайық, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Алматыда өткен тарихи Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2198112-olimpiadaga-irikteu-turnirine-qatysatyn-qazaqstandyq-hokkeishiler-belgili-boldy/