jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте спорт мектебінің қосымша корпусы пайдалануға берілді

    Шымкенттегі спорт кешені
    Шымкенттегі спорт кешені. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

    Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебі қосымша корпусының ашылу салтанатына қатысты. Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа берілген екі ауысымда жұмыс істейтін нысанда бір мезетте 200-ге жуық спортшы оқу-жаттығумен айналыса алады. Мұнда ауқымды спорттық жарыстар өткізуге болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, заманауи талапқа сай бой көтерген ғимараттың жертөлесінде пауэрлифтинг және ауыр атлетика залдары және киім ауыстыру бөлмесі, душ қарастырылған. Сондай-ақ жаттықтырушылар, инструкторлар, төрешілер бөлмесі бар.

    Бірінші қабатта вестибюль-фойе, күзетші бөлмесі, асхана, 210 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар әмбебап спортзал, медициналық пункт жайғастырылған. Ал екінші қабатта демалыс холы, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасқан.

    Бүгінде спорт мектебінің үздіктері үстел теннисі, бокс пен таеквондодан ұлттық құрама сапында, әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз атанып жүр.

    Шымкентте спорт мектебінің қосымша корпусы пайдалануға берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.