jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды (видео)

    Қазақстандық сәйгүлік Нугул
    Қазақстандық сәйгүлік Нугул. Фото: instagram.com/racingdubai

    Нугул атты қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Мейдан" ипподромында өткен 1200 метр қашықтықтағы бәйгеге 5 тұлпар қатысты. Нугул мен жокей Эндрю Слаттери 4-нөмірде жарыс жолына шықты. Алғашында қазақстандық тұлпар бәрінен артта келе жатқанымен, мәреге бірнеше метр қалғанда оза шауып, жеңімпаз атанды.

    Айта кетейік, Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің сәйгүлігі. Тұлпардың бапкері – үндістандық Бхупат Симар.

    Биыл тағы бір қазақстандық сәйгүлік Қабирхан қаңтарда Дубайда өткен екі бәйгеде де жеңіске жеткен еді. Ал наурызда болған әлем кубогінде мәре сызығын сегізінші болып кесті. Астанадағы Көшпенділер ойындарында Қабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің бір тұлпары алтын, екінші тұлпары күміс жүлде иеленді.

    Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.