jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қорғай алуы тиіс": Назым Қызайбай болашақ жарының қандай болуы керек екенін айтты

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай болашақ жарының бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Дядя Ваня" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Менің болашақ жарым мейірімді адам болуы керек. Ол мені адам ретінде құрметтеп, бағалай білсе екен деймін, сонымен қатар өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап бере алатын болуы қажет. Жігіт өзін де, сүйіктісін де қорғай алуы тиіс. Ал ер адамның сымбатына келер болсақ, әркімнің өз критерийлері бар. Сондықтан бұл қасиет мен үшін аса маңызды емес", - деді Назым Қызайбай.

    Сондай-ақ Назым Қызайбай бұған дейін екі мәрте (2014, 2016) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Боксшының ендігі мақсаты – үш дүркін әлем чемпионы атану.

    "Қазақстан тарихында әлі үш дүркін әлем чемпионы болған боксшы жоқ, сондықтан сол мәртебеге ие болу үшін барымды саламын. Сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысқым келеді. Халықаралық аренада елімді танытатынымды мақтан тұтамын. Болашақта да бұл миссиямды жалғастырып, боксты Қазақстанда және шетелде дамытып, танымал етуді мақсат етемін", - деді боксшы.

    Еске салайық, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде иеленген еді.

    "Қорғай алуы тиіс": Назым Қызайбай болашақ жарының қандай болуы керек екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.