jitsu gif
Спорт

    Ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада медалін жеңген қырғыз спортшысы жоғары дәрежелі марапатқа ие болды

    Мұнарбек Сейітбекұлы
    Мұнарбек Сейітбекұлы. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел тарихында тұңғыш рет бокстан Олимпиада жүлдесін жеңіп алған Мұнарбек Сейітбекұлына ІІІ дәрежелі "Манас" орденін табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ SportАКИpress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    19 желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі 23 желтоқсанда Бішкекте өтеді.

    Сондай-ақ бокстан Қырғызстан бокс құрамасының бас бапкері Данияр Төлегенұлы мен Сейітбек Мұнарбекұлының жеке бапкері Беганас Сұлтанбаев "Даңқ" орденімен марапатталды.

    Жоламан Шаршенбековтің жеке бапкері Хаким Махмұдовқа да "Даңқ" медалі табысталды.

    Айта кетейік, қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Ол финалда өзбекстандық былғары қолғап шебері Абдумалик Халоковке есе жіберіп қойды. Осылайша ол Қырғызстан тарихында бокстан Олимпиаданың тұңғыш жүлдегері атанды.

    Сондай-ақ Мұнарбек Сейітбекұлы Қырғызстан атынан Париж Олимпиадасына жолдама алған жалғыз боксшы болды.

    Ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада медалін жеңген қырғыз спортшысы жоғары дәрежелі марапатқа ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.