jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов жылдың ең үздік спортшысы атанды

    Хасанбой Дусматов
    Хасанбой Дусматов. Фото: Mauro Pimentel/Getty Images

    2024 жылдың жазында Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған боксшы Хасанбой Дусматов жыл қорытындысы бойынша Өзбекстанның ең үздік спортшысы деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ uzdaily.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылғы Ұлттық спорт сыйлығының марапаттау рәсімі Ташкент қаласында, Олимпиада және Паралимпиада даңқы мұражайында өтті. Іс-шараның басында әлем чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға Президенттің шешімімен бір реттік ақшалай сыйақы табысталды.

    Биыл марапаттар спортты дамытуға елеулі үлес қосқан танымал спортшыларға, жаттықтырушыларға және командаларға берілді. Сонымен қатар Өзбекстан ұлттық құрамасының және Францияның "Ланс" клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов жылдың ең үздік жас спортшысы атанды.

    Айта кетейік, екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов үшінші Олимпиада алтынын, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы белбеуін жеңіп алуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

    Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов жылдың ең үздік спортшысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.