jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекке шықпай-ақ Қазақстан чемпионатын жеңіп алды

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қаласы атынан сынға түсіп жатқан Назым Қызайбай 48 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Қызылорда облысының боксшысы Ақбота Болатқа қарсы кездесу өткізуі керек болған. Алайда қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионы атанды.

    Қазіргі таңда Назым Қызайбай – бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны.

    Сондай-ақ Төрехан Сабырхан финалдағы қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты бокстан Қазақстан чемпионы атанды.

    Айта кетейік, Назым Қызайбай биыл жазда өткен Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.

    Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекке шықпай-ақ Қазақстан чемпионатын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.