jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев шаңырақ көтерді (видео)

    Давид Дегтярев пен қалыңдығы Валерия Смирнова
    Давид Дегтярев пен қалыңдығы Валерия Смирнова. Скриншот: instagram.com/csp_parasport.kz

    Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев шаңырақ көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Пара пауэрлифтингтен Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев шаңырақ көтерді. Спортшының қалыңдығы – пара пауэрлифтингтен бірнеше халықаралық жарыстың жеңімпаз Валерия Смирнова.

    Естеріңізге сала кетейік, Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақта Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, топ жарған болатын. Сондай-ақ Давид Дегтярев 2020 жылғы Токио Олимпиадасында осы санатта жеңімпаз атанған болатын.

    Сонымен қатар "Қазақстан барысы – 2024" турнирінде күміс жүлде еншілеген шымкенттік балуан Ерсұлтан Мұзаппаров үйленгені туралы жазған едік.

    Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев шаңырақ көтерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.