jitsu gif
Спорт

    Ризабек Айтмұхан атақты америкалық балуан Кайл Снайдермен бозкілемде кездесуі мүмкін

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images

    Professional Wrestling League (PWL) еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен америкалық Кайл Снайдер арасындағы кездесуге қатысты келіссөздерді бастап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ лиганың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Танымал PWL лигасы Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер арасындағы кездесуге қатысты келіссөздерді бастап кетті. Аталмыш лиганың жоспарына сәйкес кездесу ақпан айында Алматы қаласында өтпек.

    Бұған дейін PWL лигасы аясында қырғызстандық Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, ресейлік Заурбек Сидаков, қазақстандық Жәмилә Бақбергенова секілді танымал спортшылар сынға түскен.

    Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта чемпион атанған. Осылайша ол ел тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы болды.

    Ал америкалық Кайл Снайдер 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 97 кг дейінгі салмақта чемпион атанса, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада күміс жүлде еншіледі. Сондай-ақ ол 3 мәрте (2015, 2017, 2022) әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

    Ризабек Айтмұхан атақты америкалық балуан Кайл Снайдермен бозкілемде кездесуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.