jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты бастап кетті

    Ұлжан Сәрсенбек
    Ұлжан Сәрсенбек (оң жақта). Фото: t.me/boxing_kazakhstan

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық басталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бокс федерациясының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Елдос Сайдалиннің сөзінше, алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командаларының қатысуымен ауқымды оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

    "Барлық жас дәрежесінің бапкерлерімен ақылдасып, осылай ұйымдастыруды жөн санадық. Бұл бастаманың пайдасы мол. Жасы кішілер әпкелеріне қарап бой түзейді, тәлім алады. Әйелдер санатындағы спортшыларды да жалынды жастардың көз алдында жүруі жігерлендіре түседі. Жас буын ұлттық құрама сапына қосылғанда жатырқамай, тез бой үйретуіне де септігін тигізері анық.

    2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежесінде бұл додаға үміткерлер бар. Сенбі күні тауға қарай жаяу жүгірдік. Осы жаттығуға барлығы, яғни, 150 спортшы бірге шықты. Ал қалған жаттығудың барлығы әр командаға бөлек, өз жасына сай жүктемеде өтеді.

    Спортшылардың да, жаттықтырушылардың да көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасы керемет. Жылды жақсы қарқынмен бастап жатырмыз, 2025 жыл берекелі болады деген үміттеміз", - деді Елдос Сайдалин.

    Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетінін жариялаған еді.

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты бастап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.