jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қонаев қаласының 7 жасар тұрғыны ашық суда жүзуден күміс медаль жеңіп алды (фото)

    Дмитрий Кремпин
    Дмитрий Кремпин. Фото: Алматы облысы әкімдігі

    Дубайда өткен "Оушенмен" жарысында Қонаев қаласының спортшысы, 7 жасар Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдіктің мәліметінше, халықаралық додаға 20 елден 4 пен 17 жас аралығындағы 100-ден астам бала мен жасөспірім қатысып, ашық суда жүзуден жарысқан.

    Жас спортшылардың қатарында Дмитрий де болған. Ол 500 метр қашықтықты бағындырып, жүлделі ІІ орынға табан тіреген.

    Дмитрий Кремпин
    Дмитрий Кремпин. Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Дмитрий 5 жасынан бастап жүзумен айналысып келеді. Анасы Лариса Кремпина ұлының осы спорт түрін таңдағанына қуанышты екенін жеткізді.

    Ал Дмитрийдің жаттықтырушысы Мадияр Кемелжан осы жетістіктермен шектеліп қалмай, келесі жылы да шәкірттерін ірі додаларға көбірек қатыстыруды жоспарлап отыр.

    Дмитрий Кремпин мен оның командасы
    Дмитрий Кремпин мен оның командасы. Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, Қонаев қаласында жүзу спортына арналған бір ғана бассейн бар. Оның қызметі ақылы. Мекеме көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жеңілдіктер ұсынады. Бүгінгі күні мұнда 115 бала жаттығады, олардың шамамен 20-сы мүмкіндігі шектеулі балалар.

    Қонаев қаласының 7 жасар тұрғыны ашық суда жүзуден күміс медаль жеңіп алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.