Спорт

Зектілері

Мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкина Универсиадада қола медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

София Самоделкина.
София Самоделкина. Көрнекі фото: instagram.com/sofyasamodelkina

Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті. Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері:

Рион Симиоши - 204.29 ұпай (Жапония);

Моне Чиба - 203.85 ұпай (Жапония);

Софья Самоделкина - 190.96 ұпай (Қазақстан).

Бұл мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.

Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2212883-manerlep-syrganaushy-sofiia-samodelkina-universidada-qola-medal-zhengip-aldy/