jitsu gif
Спорт

    4 жылдан кейінгі жеңіс: Юлия Галышева фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді

    Юлия Галышева
    Юлия Галышева. Видеодан үзінді: instagram.com/galysheva_yuka

    Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

    Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.

    Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.

    Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.

    Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.

    Айта керу керек, бұған дейін Юлия Галышева 2021 жылы Алматыдағы Әлем чемпионатында фристайл-могул бәсекесінде күміс жүлдегер атанған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.