jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері басшылық қызметке тағайындалды

    Арман Чилманов
    Арман Чилманов. Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

    Олимпиада ойындарының жүлдегері Арман Чилманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "2025 жылға 4 ақпанда Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының "Олимпиада резервін дайындау орталығы" КММ директоры болып Чилманов Арман Константинович тағайындалды", - делінген Facebook-те жарияланған хабарламада.

    Арман Чилманов 1984 жылы дүниеге келген. Таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.

    Сондай-ақ ол әлем чемпионатының екі дүркін қола (2007, 2009 жылдары), Азия чемпионатының екі дүркін қола (2002, 2008 жылдары), екі дүркін күміс (2010, 2012 жылдары) жүлдегері әрі 2006 жылы Азия чемпионы болған.

    Бұдан бөлек, Арман Чилманов Азия ойындарының үш дүркін қола (2002, 2006, 2010 жылдары) жүлдегері атанған.

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және "Құрмет" орденінің иегері.

    2003 жылдан бері спорт нұсқаушысы, таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.

    Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.