Тоқаев Михаил Шайдоровты Олимпиададағы жеңісі үшін "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқы Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық атлет Михаил Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі", - делінген Айбек Смадиярдың желідегі жазбасында.
Еске сала кетейік, Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.
Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.
Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола жүлде алған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.
- Тоқаев Михаил Шайдоровты қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады
- Михаил Шайдоров Олимпиада алтыны үшін миллиондаған доллар сыйақы алады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2343543-toqaev-mihail-shaidorovty-olimpiadadagy-zhengisi-ushin-barys-ordenimen-marapattady/