jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Головкин Шайдоровтың тарихи жеңісі туралы мәлімдеме жасады

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров Олимп тұғырында. Фото: instagram.com/olympia_da

    Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

    ҰОК басшысы бұл алтын медальдің бүкіл қазақ спорты үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, оның артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, табандылық пен үздік болуға деген ұмтылыстың жатқанын айтты.

    "Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан және жеке өз атымнан Михаил Шайдоровты мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл жеңіс – қазақ мәнерлеп сырғанауының және жалпы отандық спорттың тарихындағы айтулы оқиға. Араға 32 жыл салып, қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің әнұраны қайта шырқалып, көк байрағымыз көкте желбіреді. Бүкіл Қазақстан сізбен бірге мақтанып, осы қуанышты сәтті бөлісіп отыр. Бұл жеңіс арқылы есіміңіз әлемдік спорт шежіресіне алтын әріппен жазылды.

    Италиядағы олимпиадалық мұз айдынында сіз жоғары деңгейдегі шеберлік пен рухтың беріктігін көрсете білдіңіз. Жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлап, мақсатқа адал еңбек пен тәртіп, сондай-ақ, команда қолдауы арқылы жетуге болатынын дәлелдедіңіз. Бұл табыс жас спортшыларға үлгі болып, ел спорты тарихындағы маңызды белеске айналды. Сізге зор денсаулық, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін", - деді Қазақстан ҰОК президенті.

    Головкин Шайдоровтың тарихи жеңісі туралы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.