jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Көздің жауын алады": Шайдоровтың хореографы спортшының жаттыққан сәтінен видеоны жария етті (видео)

    Михаил Шайдоров пен Иван Мещеряков
    Михаил Шайдоров пен Иван Мещеряков. Кадр: Instagram / ivan_mesh_

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың хореографы Иван Мещеряков желі парақшасында спортшыны жаттықтырған сәтінен видеоны бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Олимпиадаға дайындап, жаттықтыратын хореограф Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты жаттықтырған сәтінен видео жариялады.

    "Күннен күнге бір мақсатқа – алға басуға ұмтылатын, Михаил Шайдоров", - деп жазды хореограф видео сипаттамасында.

    Видеоны көрген желі қолданушылары спортшы мен хореографқа мақтаулары мен алғысын жаудырды.

    "Көздің жауын алады. Бұл сұлулықтың артында үлкен еңбек тұр", "Алтын Мишамызға көмектескен хореографтарға жеке рақметімізді айтамыз", "Неткен тәртіп пен күн сайынғы еңбек! Дайындық та тамаша! Жарайсыңдар!", - деп жазды пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, 21 жастағы спортшы Қазақстан құрамасына қысқы Олимпиада ойындарының тарихтағы екінші алтын медалін әкелді. Алғашқы алтынды 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов еншілеген еді.

    Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола жүлде алған болатын.

    Марапаттау рәсімінен кейін Шайдоров қазақстандық журналистермен әңгімелесті, олардың арасында NUR.KZ тілшісі де бар. Мәнерлеп сырғанаушы Милан аренасындағы қолдаудың ерекше болғанын айтып өтті.

    Михаил Шайдоров Олимпиада алтыны үшін миллиондаған доллар сыйақы алады.

    Мәнерлеп сырғанаушының алтын медалінен кейін Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының медальдар саны бойынша жалпы есебінде алғашқы 15 елдің қатарына енді.

    "Көздің жауын алады": Шайдоровтың хореографы спортшының жаттыққан сәтінен видеоны жария етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.