jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қатты қысым жасалса да, осы музыканы таңдадым": Михаил Шайдоров Димаш жөнінде пікір білдірді (видео)

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: olympic.kz/Сали Сабиров

    Қазақстан құрамасына қысқы Олимпиада ойындарының тарихтағы екінші алтын медалін әкелген Михаил Шайдоров Димаш Құдайбергеннің әнін таңдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Хабар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Хабар" арнасының тілшісі Михаил Шайдоровтан Димаштың көлік сыйламақ екені жөнінде қаншалықты хабардар екенін сұрады.

    "Иә, мен оны көрдім және Димашқа құттықтаулары мен музыкасы үшін алғысым шексіз. Ол біздің үлкен мақтанышымыз. Мен мұны армандамақ түгілі, елестетіп те көрген емеспін — Димаштың әніне алтын медаль жеңіп аламын деп ойламадым — бірақ дәл осы музыканы қолдану менің үлкен мақсатым болды", - дейді Михаил.

    Спортшы Димаштың әніне сырғанау шешімін сынға алғандар болғанын жасырмады. Десе де ол өз таңдауын өзгертпеген екен.

    "Мен бұл әнді шамамен бес-алты жыл бұрын естідім және Милан Олимпиадасына міндетті түрде барып, осы әнге сырғанағым келетінін түсіндім. Маусым бойы музыканың еркін бағдарламаға, әсіресе Олимпиада ойындарына жарамайтыны айтылып, қатты қысым жасалды. Бірақ мен оған назар аудармауға тырыстым. Өйткені мен тек осы музыкаға сырғанағым келді және мен үшін бұл өте маңызды болды", - деп қосты Шайдоров.

    Еске салсақ, әнші Димаш Құдайберген Қазақстан құрамасына қысқы Олимпиада ойындарының тарихтағы екінші алтын медалін әкелген Михаил Шайдоровқа көлік тарту ететінін мәлімдеген еді.

    "Қатты қысым жасалса да, осы музыканы таңдадым": Михаил Шайдоров Димаш жөнінде пікір білдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.