Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық спортшы Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Отандасымыз тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.
Нәтижесінде Ракпаров 32-орында мәреге жетіп, жеңімпаздан 7 минут 57 секундқа артта қалды.
Норвегиялық Енс Лурос Офтебру екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Австриялық Йоханнес Лампартер екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті финляндиялық Илькка Херола түйіндеді.
- Олимпиада-2026: қазақстандықтар қатысатын жарыстар ауа райына байланысты кейінге шегерілді
- "Бәріміздің басымыздан өткен": Бақыт Сәрсекбаев Михаил Шайдоровқа ағалық ақылын айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2344715-shanggy-qossaiysy-shynggys-rakparov-2026-zhylgy-olimpiada-oiyndarynda-oner-korsetuin-aiaqtady/