Туған күнімен тұспа-тұс келді: Головкин мен Шайдоров Самоделкинаны Олимпиададағы дебютімен құттықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаны Олимпиада ойындарындағы өнерінен соң ҰОК президенті Геннадий Головкин және чемпион Михаил Шайдоров құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Ұлттық Олимпиада комитетінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
ҰОК хабарлауынша, Софья Самоделкинаның Олимпиададағы дебюті оның туған күнімен тұспа-тұс келді. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен ҰОК президенті Геннадий Головкин Самоделкинаны өнер көрсеткеннен кейін туған күнімен құттықтады, боксшы Софьяға гүл шоғын сыйлады.
"Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ Олимпиада-2026-да үздік ондыққа енді. Бұл – спортшының мансабындағы айрықша сәт! ", - делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, Софья Самоделкина қысқа бағдарлама бойынша 12-орынға ие болды, ал еркін бағдарламада көрсеткішін жақсартып, алғашқы ондыққа енді.
Олимпиада-2026 – Самоделкинаның дебюті. Ол – Қазақстан құрамасының әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан тарихтағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшысы. Бұған дейінгі ең жоғары нәтиже Элизабет Тұрсынбаеваға тиесілі. Ол 2018 жылғы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында 12-орынға табан тіреген болатын.
- Олимпиада-2026: 20 ақпанда Қазақстан атынан кім жарыс жолына шығады
- Олимпиада-2026: 19 ақпанда қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2345738-tugan-kunimen-tuspa-tus-keldi-golovkin-men-shaidorov-samodelkinany-olimpiadadagy-debiutimen-quttyqtady-video/