jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадада жетінші орын алды

    Фристайл-акробатика
    Фристайл-акробатика. Фото: Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы жарыстың алғашқы финалы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан құрамасының сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Роман Иванов өнер көрсетті.

    Отандастарымыз жалпы есепте 213,93 ұпай жинады. Бұл нәтиже командаға жеті құраманың ішінде жетінші орын алуға мүмкіндік берді.

    Екінші финалға төрт құрама жолдама алды. АҚШ құрамасы (351,23 ұпай) аралық есепте көшбасшы атанды. Сондай-ақ Қытай (315,02), Аустралия (289,04) және Швейцария (278,48) құрамалары іріктеуден өтті.

    Осылайша, қазақстандық фристайлшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадада жетінші орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.