jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Мен үшін зор мәртебе": Шайдоров Тоқаевқа және барша қазақстандыққа ризашылығын білдірді

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Ақорда

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақстандықтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

    "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді.

    Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр. Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін. Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін", - деді Михаил Шайдоров.

    Айта кетейік, мемлекет басшысы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын мемлекеттік наградамен марапаттады.

    XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоров ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урманов ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

    "Мен үшін зор мәртебе": Шайдоров Тоқаевқа және барша қазақстандыққа ризашылығын білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.