jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні

    : UGC

    2000 жылдың желтоқсанында Шымкент-Түркістан жолында болған көлік апатынан кейін қазақ елі қаралы хабар естіді. Арамыздан небәрі 20-жасында Олимп шыңын бағындырған Бекзат Саттарханов сол апатта бақилық болды деп жазады Алаш айнасы.

    Олимпиада ойындарының жеңімпазы бұл фәниден өтсе де, оның есімі, оның рухы өлген жоқ. Талай бозбаланың былғары қолғапты серік етіп жүргені сол 2000 жылы Бекзаттың Сиднейде топ жарған ерлігі себеп болды десек артық айтқандығымыз емес.

    Сол батыр ұлды еске алу үшін Түркістан қаласында жыл сайын "Бекзат Саттарханов" атындағы турнир ұйымдастырылып келеді. Бұл Қазақстандағы ең беделді турнирлердің қатарында. Бір көңіл толмайтын жәйт, Бекзатты біз тек 4-сәуір, яғни туған күнінде ғана еске алатындаймыз.

    Бокс өнерінің жарық жұлдызына айналған азаматты кейінгі ұрпақ ұмытпасын десек, оның әрбір жекпе-жектері мен жеңістерін насихаттағанымыз жөн.

    Сондай-ақ Бекзат Саттарханов атындағы көше мен спорт кешені тек Түркістанда ғана емес, өзге өңірлерде де ашылып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

    Шамамен үш-төрт жыл бұрын "Бекзаттың зиратына қойылған медаль, кубоктардың көшірмесі ұрланды" деген ақпарат жұртшылықтың наразылығын туғызған еді. Сол кезде қара басының қамын ойлаған адамдар, "патриоттық" деген сезімнен жұрдай болып кеткен бе деп ойладық. Бұл Олимпиада ойындарының чемпионын сыйламау емес пе?!

    Егер елде ерге деген сый-құрмет кетсе, елден береке мен бірліктің де қашатыны белгілі ғой. Десек те, Бекзат Саттархновты еске алып жүргендер де жоқ емес. Мәселен, Түркістанда Б.Саттарханов атындағы "Намыс" жастар қоғамдық бірлестігі жыл сайын былғары қолғап шеберін еске алу кешін өткізеді.

    Бекзат туралы әндер жазылып, деректі фильм түсірілді. Спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы кітап жазды. Фотоальбомдар жарық көрді. Алдағы уақытта да осындай игі істерді жалғастыра беру керек!

    Бұл күндері Түркістанда "Бекзат Саттарханов" атындағы кезекті турнир өтіп жатыр. Ертең батырдың туған күніне орай, турнирдің финалдық жекпе-жектері өтеді.

    Бұл жолы ұйымдастырушылар додаға 200-ден астам боксшылар қатысып жатыр дейді. Турнирдің басты мақсаты Бекзаттай мықты боксшыларды тәрбилеп шығару.

    Бүгін Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.