jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Матч кезінде алаңға шығып кеткен "полицейлер" әлем назарына ілікті (фото, видео)

    : UGC

    Полиция қызметкерлерінің киімін киіп алған Pussy Riot арт-тобының төрт мүшесі әлем чемпионатындағы финалдық ойын кезінде алаңға шығып кеткен. Топ өкілдерінің айтуынша, олар "Милиционер ойынға кіріседі" науқанын бастаған екен. Тәртіп сақшылары оларды ұстап әкетіп, алаңнан шығарған. Бұл туралы bbc.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Сурет: Gettimages
    Сурет: Gettimages: UGC

    "Лужники" алаңының трибунасында сол сәтте бірнеше елдің президенттері қатысқан.

    Pussy Riot мүшелері өздерінің Facebook-тағы парақшаларында бұл науқанды өткізудің мақсаттарын айтыпты. Олар саяси қамауға алынғандарды босату, әлеуметтік желедегі бөліскені үшін тағайындалатын қылмыстық жазаны тоқтату, ереуілдердегі ұстап алуларды тоқтату, саяси бәскелестікті жаңғыртуларды талап еткісі келген.

    Сурет: Gettimages
    Сурет: Gettimages: UGC

    Видеобақылау камераларында көірнгендей, стадиондағы стюард оларға есікті өзі ашып, алаңға шығарған.

    Сурет: Gettimages
    Сурет: Gettimages: UGC

    Атышулы топтың мүшелерінің бірнеше бақылау жолағынан өтіп, алаңға қалай кіргендігі жайлы әлі күнге дейін белгісіз.

    Сурет: Gettimages
    Сурет: Gettimages: UGC

    Матч кезінде алаңға шығып кеткен "полицейлер" әлем назарына ілікті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.