jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Илья Ильин денсаулығының қаншалықты нашарлап кеткенін айтып берді (видео)

    : UGC

    Қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин жанкүйерлеріне денсаулығындағы жайсыздықтар туралы айтып бері. Бүгін ол томографиялық тексеруден өтіп, ағзасындағы мәселелермен толық танысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

    Илья Ильин. Фото: m.yk-news.kz
    Илья Ильин. Фото: m.yk-news.kz: UGC

    Спортшы бұл ақпаратты өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

    "Бірнеше протрузия мен омыртқамда екі жарық (грыжа) бар екен. Біреуі кішкентай, екіншісі жұлынды қысып тұр", - дейді Ильин.

    Чемпионның сөзінше, осының кесірінен ол жаттығу кезінде түрлі жайсыздықтар сезінетін болған. Енді ол ертеңнен бастап ем-дом шараларына кірісетінін жеткізді.

    Қажет болған жағдайда Түркия немесе Германия елдеріндегі медиициналық қызметке жүгінемін дейді.

    Айтуынша, денсаулығындағы қиындықтар 2015 жылы байқала бастаған. Ол кезде аяғында жарық (грыжа) барын біліпті. Алайда Илья оны елеместен спортпен шұғылданып, әлемдік рекорд орнатуға бел шеше кіріскен.

    Ильин өзінің толық емделіп кетуіне бірнеше ай керек екенін айтуда, содан кейін ғана жаттығуларын қайта бастайды екен.

    Еске салсақ, зілтемірші бірнеше күн бұрын денсаулық жағдайына байланысты әлем чемпионатына қатысудан бас тартқанын хабарлаған болатынбыз.

    Илья Ильин денсаулығының қаншалықты нашарлап кеткенін айтып берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.