Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал мәнерлеп сырғанаушы бес жылға темір торға тоғытылуы мүмкін

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/Ванесса Джеймс

Америка Құрама Штаттарының Флорида прокуратурасы француздық мәнерлеп сырғанаушы Моргана Сипреге қарсы қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алу ордерін берді деп жазады Eurosport.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, прокуратура 29 жастағы мәнерлеп сырғанаушыны 13 жасар қызға жыныстық қысым көрсетті деген күдікпен қамауға алу туралы бұйрық шығарған. Ол енді бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқиға 2017 жылы Флоридада болған.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанау спортыеың жұппен сырғанау түрімен айналысқан Моргана Сипре мен Ванесса Джеймс екеуі 2019 жылы Еуропа чемпионы атанды.

2018/19 жылғы маусымда Гран-при финалында жеңіске жетіп, 2018 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені қанаған тұтқан.

Алайда спортшы аталған оқиғаға байланысты 2020 жылғы қыркүйекте спортпен қоштасу туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда зорлық құрбаны болған қыздың жеке мәліметін таратқан полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Талдықорғанда бес жыл бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Ол бес жыл бойы әртүрлі өңірде тұрып, қара жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1888927-tanymal-mnerlep-syrganausy-bes-zylga-temir-torga-togytyluy-mmkin/

pixel