jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

    Бақыт Ахметов
    Бақыт Ахметов. Фото: egemen.kz

    Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды. Бұл туралы ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында хабарланды.

    Федерацияның мәліметінше, шешім ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарағаннан кейін қабылданған.

    "Федерация Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының алдағы чемпионаты кезінде ұлттық құрама команданың жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті", - деп қосты ауыр атлетика федерациясы.

    Еске салсақ, 17 қыркүйек күні талантты спортшы, ауыр атлет, ауыр атлетикадан Қазақстан және Азия чемпионы Альберт Линдер 25 жасында өмірден өткен болатын.

    Жас спортшының өлімінен кейін қазақстандық ауыр атлеттер баспасөз конференциясын өткізіп, Альбертке бапкері Сергей Седов қысым көрсеткенін мәлімдеген.

    Кейінірек, ауыр атлетика федерациясы арнайы комиссия құрып, Сергей Седов қызметінен шеттетілген еді.

    Альберт Линдердің өліміне қатысты Алматы облысының полиция департамендінде қылмыстық іс қозғалды.

    Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.