Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина "Уимблдондағы" жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: SEBASTIEN BOZON/AFP via Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін берілген Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты, деп хабарлайды Матч ТВ.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский хабарлады.

Сондай-ақ оның сөзінше, Рыбакина "Уимблдоннан" алған сыйақысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жас спортшыларды қолдауға жұмсамақ ниетте.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" жарысының титулын иеленбеген еді.

Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977895-elena-rybakina-uimbldondagy-zenisi-usin-qazaqstan-tennis-federaciyasynyn-syiaqysynan-bas-tartty/