jitsu gif
Спорт

    "Тарихи жеңіс": Қазақстандық спортшы қыз ескек есуден әлем чемпионы атанды (видео)

    Мария Бровкова әлем чемпионы атанды
    Мария Бровкова оң жақта. Фото: zhaikpress.kz

    Венгрияда өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Мария Бровкова чемпион атанды. Бұл туралы Қайық федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мария Бровкова 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен. Ол 1000 метрге каноэмен есуден финалда бақ сынап, 4:35.69 уақыт көрсеткішінде мәреге бірінші болып келді. Бұл Марияның мансабындағы алғашқы алтын жүлде.

    Сондай-ақ, бұл ескек есуден Қазақстан әйелдер командасының тарихында қоржынға түскен алғашқы алтын медаль. Күміс жүлдені Венгрия, қоланы Португалия спортшылары иеленген.

    "Мария Орал қаласының тумасы. Ол өзінің анасы Елена Бровкованың қоластында жаттығады. Марияның әпкесі Анастасия да бапкерлік қызметте жүр. Бұған дейін Бровкова Азия чемпионатына қатысып, күміс медаль иеленген. Ал әлем чемпионаты ол қатысып отырған екінші халықаралық жарыс", - деп жазды Спорт Шредингера Telegram арнасы.

    Айта кетелік, ескек есуден жастар арасындағы әлем біріншілігі Венгрияда өтіп жатыр.

    "Тарихи жеңіс": Қазақстандық спортшы қыз ескек есуден әлем чемпионы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.