jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық волейболшылар әлем чемпионатындағы барлық матчта жеңіліп қалды

    Қазақстандық волейболшылар әлем чемпионатында, 2022 жыл
    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы: bassport.kz

    Нидерланд пен Польшада өтіп жатқан волейболдан әлем чемпионатында қазақстандықтар топтағы барлық кездесуде жеңіліп, келесі кезеңге өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан командасы АҚШ, Сербия, Германия, Болгария, Канада құрамаларымен бірге "С" тобында өнер көрсеткен еді.

    Өкінішке қарай, топтағы барлық ойында қазақстандықтар қарсыласқа есе жіберді. Ал топтағы соңғы матчта Болгария құрамасынан 18-25, 22-25, 18-25 есебімен ұтылды. Осылайша, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

    Бұл топта Токио Олимпиадасының чемпионы АҚШ командасы мен әлем чемпоны Сербия келесі айналымға еш қиындықсыз өтті.

    Бұл чемпионатта ел намысын мына ойыншылар қорғады: Мадина Бекет, Томирис Сағымбаева, Кристина Белова, Сабира Бекішева, Динара Қожанбердина, Найля Нигматулина, Елизавета Мейстер, Маргарита Бельченко, Екатерина Михайлова, Татьяна Никитина, Яна Петренко, Наталья Смирнова, Валерия Чумак, Анастасия Коломоец.

    Айта кетелік, волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын жалпы есебі алты қала қабылдап жатыр.

    Қазақстандық волейболшылар әлем чемпионатындағы барлық матчта жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.