
Бүгін Тараз қаласында Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасында қала күніне орай "Біз – нашақорлыққа қарсымыз!" ұранымен жастар арасында "STREETWORKOUT" облыстық спорттық сайыс өтті.
Бұл сайыс облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Шараның ерекшелігі: спорттық жарыстар алаңқайдағы құрылғылардың қолданылуымен жүргізіледі.
Мәселен, балтемір, көлденең баспалдақ секілді қарапайым құрылғылар арқылы ешбір артық шығынсыз ойын жарыстары ойнатылады.
Бұл ретте шара ұйымдастырушылары аталмыш спорт түрі шет мемлекеттерде көптеп өтетінін алға тартып отыр. Жалпы чемпиондық атаққа өңіріміздің әр аумағынан 100-ге жуық спортты жанына серік еткен жандар қатысты.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
Кермеде (турник) тартылу:
Қосымша салмақпен (16 кг):
- I орын: Рахмет Нұрсұлтан
- II орын: Досай Нұрхан
- III орын: Қазанғапов Аман
Қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу:
Қосымша салмақпен (16 кг):
- I орын: Досан Мұқасан
- II орын: Шапибай Самат
- III орын: Қалабаев Дарын

Жарыстың жүлде қоры:
- I орын: 150 мың теңге
- II орын: 100 мың теңге
- III орын: 50 мың теңге
Кермеде (турник) тартылу:
Қосымша салмақсыз:
- I орын: Садықов Нұрдаулет
- II орын: Сарданбек Қуаныш
- III орын: Тәліп Елшат

Қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу:
Қосымша салмақсыз:
- I орын: Жұманалы Бекзат
- II орын: Орынбаев Асхат
- III орын: Әуесхан Әділет
Жарыстың жүлде қоры:
- I орын: 20 мың теңге
- II орын: 15 мың теңге
- III орын: 10 мың теңге
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990823-tarazda-streetworkout-oblystyq-sport-saiysy-otti/